Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біздің есімізде және тағзым етеміз ...
06-05-2019 15:29
Біздің  есімізде және тағзым етеміз ...

        Рейхстаг үстінде жеңістің қызыл туын орнатқаннан бері 74 жыл өтті, ол қанды соғыстың аяқталғанының белгісі еді.  Содан бері әр елдің миллиондаған адамдары үшін 9 мамыр жарқын және ең қымбат күн болып қалды. Осы мамыр мерекесі күні  біз Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен шайқас алаңдарында қаза тапқан жауынгерлер алдында басымызды иіп тағзым етеміз.

      Қазір әлемде бізді фашисттік бұғаудан  қорғап қалғандар қатары азайып келеді. Қазіргі жас ұрпақ осы ұлы ерлікті жасаған жауынгерлерді мәңгі есте сақтап,ардагерлер мен тыл  еңбеккерлерінен көмектерін аямай,бұл бақыт пен бостандықтың  қалай келгенін ұмытпауы керек.Бүгін лицей оқушылары  Ұлы Жеңіс мерекесінің алдында өтетін  батылдық сабағында осы туралы сөз қозғады. Бұл шараның мақсаты-оқушы бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанына деген адалдық сезімін,Отанын қорғауға және өзінің азаматтық міндетін атқаруға дайын болуды  тәрбиелеу.