Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылардың XV ғылыми-практикалық конференциясы
08-05-2019 22:07
  Оқушылардың  XV  ғылыми-практикалық конференциясы

       № 20 лицей-мектебінің қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналдырып, лицеистер ғылыми жетекшілерімен бірге зерттеу жұмыстарын ұсынады.  2019 жылдың 6 мамыр  күні "Мәселер, ізденістер, шешімдер" атты оқушылардың XV ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы бес секцияда өтті, көпшілік тыңдауларға 21 жұмыс ұсынылды. Оқушылар баяндамаларында ғылымның әр саласындағы: журналистика және тіл білімі, тарихи және өлкетану, қоршаған ортаны қорғау, психология, физика және математиканың өзекті сұрақтарын қарастырды.Конференция жұмысына секциялардың төрағалары ретінде ИнЕУ ғалымдары қатысты: Г. Е Имамбаева. – "Қазақ, орыс, шетел филологиясының өзекті мәселелері" секциясының төрайымы, филология ғылымдарының докторы, Ж. Б.  Бектұрова– "Тарих, өлкетану" секциясының төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Хамзина – "Биология, қоршаған ортаны қорғау" секциясының төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ғалымдар тақырыптардың өзектілігін, зерттеу мәдениетін, лицей оқушыларының шешендік дағдыларын атап өтті.

        Конференция қорытындысы бойынша 1,2,3 орын алған жүлдегерлер анықталды.