Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Лицей жұлдыздарды жағады – 2019» Ашық есік күні
20-05-2019 22:08
«Лицей жұлдыздарды жағады  – 2019»   Ашық есік күні

      «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі»ММ дәстүрлі «Лицей жұлдыздарды жағады  – 2019»   Ашық есік күні шарасы өтті. Салтанатты шараны лицей-мектебінің директоры  Гүлнәр Тұяққызы Топанова ашты.Директор баяндамасында 2018-2019 оқу жылындағы оқу мекемесінің  қызметі нәтижесіне қорытынды  жасады: ағымдағы оқу жылындағы  педагогтар мен оқушылардың жетістіктерінің нәтижесі атап өтілді.Бейінді оқыту  бойынша директордың орынбасары Роза Темірғалиевна Сулейман  жаһандану дәуірінде және ақпараттанған қоғамның  қалыптасуы жағдайында түлектің  тұлға ретінде қалыптасуы туралы сөз қозғады.

    Шара жұмысына Инновациялық Еуразия университетінің өкілдері ИнЕУ академиялық жұмыс бойынша проректоры Ақмарал Сәтбековна Қадырова, филология докторы, ИнЕУ профессоры Ғайша Ертаевна Имамбаева қатысты.

       Марапаттау салтанатында  оқуда, пән олипиадаларында, ғылыми жобаларда, шығармашылық байқауларда,спорт  жарыстарында  балалары биік нәтижеге жеткен ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.

    Шара халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулардың лауреаттары мен жүлегерлері қатысқан гала-концертпен аяқталды.