НҰСҚАУЛЫ ЖИНАЛЫС
21.08.2019 жылы №20 лицей-мектебінде жаңа келген оқушылардың ата-аналары үшін нұсқаулы жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты лицей ерекшеліктері , оның жарғысына сәйкес жұмыс тәртібі, оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық базасы және жетістіктерімен таныстыру. Шақырылғандардың назарына лицей өмірін әңгімелейтін "Біздің мектеп еліміз" атты видео- ролик көрсетілді.
Сондай-ақ, ата-аналарға жаңа оқу жылына арнайы шығарылған "Лицеист" газеті таратылды.