Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Негізгі педагогикалық кеңес
09-09-2019 17:11
Негізгі педагогикалық кеңес

        Бүгін "Павлодар қаласының №20 лицей - мектебі" ММ-де "қол жеткізген нәтижеден жаңа мақсаттар мен нәтижелі қызметке"педагогикалық кеңес өтті.  Басты жиналысында мұғалімдерге  2018-2019 оқу жылында мектеп-лицей қызметін жан-жақты талдау берілді. Көрсетілген кезеңдегі талдау материалдарында "Оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік маңызды құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін жаңа үлгідегі мектеп" даму бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

        Педагогикалық кеңес жұмысында есепті оқу жылы бойынша мұғалімдер рейтингісінің қорытындысын шығару орталық орынға ие болды. Барлық критерий бойынша бірінші орынды физика мұғалімі Тоғжан Султановна Муликбаева иеленді. Әр мұғалім өз қызметінің қорытындысын көріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістерді ескере отырып, жаңа оқу жылына оқу-тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру басымдықтарын анықтады. Педагогикалық кеңестің ақпараттық блогында директордың орынбасарлары мұғалімдерге 2019-2020 оқу жылының ерекшеліктері, тарификациялық жүктеме туралы ақпарат берді.