Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Лицейші қатарына қабылдау
20-11-2019 19:27
Лицейші қатарына қабылдау

       18 қараша күні №20 лицей-мектебінде «Лицейші қатарына қабылдау» мерекелік шарасы өтті. Дарынды балаларға арналған мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған сегізінші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше : олардың армандары орындалып лицейші атанады. Шара мектеп өмірін баяндайтын фильм көрсетуден басталды, онда лицейдің өмірі мен оқушылардың жетістіктері туралы айтылады. Оқушыларды осы қуанышты оқиғамен мектеп директоры Г.Т.Топанова құттықтады. Ол оқушыларға лицейші атағын жоғары ұстап, олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында табандылық , алға қойған мақсаттарына жетуде батылдық көрсете білуді тіледі. Одан соң лицейшілер сахнаға шығып қызықты форма түрінде өздерін таныстырды: олар тақпақ оқыды, ән шырқады, көрініс көрсетті. Сегізінші сынып оқушылары сыннан сүрінбей өтті: шытырман сұрақтарға жауап берді, ой-өрістері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Жоғары сынып оқушыларының аманатын ынта қоя тыңдады: жақсы оқу, Отанын сүю, сыпайы ,адал болу, мектеп абыройын түсірмеу, үлкендерді сыйлау.мСалтанатты сәт те жетті! Оқушылар лицейге ,оның дәстүрлеріне адалдық сертін айтты, оқу үздіктері лицейшілерге куәліктер табыс етті. Лицейшілер қатары жаңа оқушылармен толықты! Оқушыларды ата-аналар, ұстаздар құттықтады. Біз де оларға біліммен сусындау жолында табыс тілейміз!