2020.08.01№20 лицей-мектебінің 8-10 сынып оқушылары жаратылыстану ғылымдарының "Ertis"бірегей мультимедиялық музейіне экскурсия жасады. Оқушылардың назарына Павлодардың Ертіс өңірінің палеозой дәуірінен біздің заманымызға дейінгі геология, физикалық география, өткен замандағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ірі бөлімдері ұсынылған.
Музейдің бірегейлігі, археологиялық және табиғи жәдігерлердің түпнұсқасы мен замануи мультимедиялық технологиялардың кірігуінде.Мұз дәуірінің ландшафтық имитациясы,Ертіс өңірінің флора мен фауна эволюциясы,«Қаздар қонысы»жануарлар әлемінің инсталляциясы,мамонт қаңқасының ірі нақтыпішіні,панельді real-bookс touch кітабы,Gloss Vision виртуалды бөлмесі лицейшілердің бойында үлкен қызығушылық туғызды.