Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Адал қызметкердің бейнесі» сынып сағаты.
17-01-2020 12:34
 «Адал қызметкердің бейнесі» сынып сағаты.

       Бүгін №20 лицей-мектебінде 8-11 сыныптарда «Адал қызметкер» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық дағдыларын қалыптастыру. Әңгіме қоғамда мемлекеттік қызметшінің бейнесі мен имиджі туралы болды. Осы күндері Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, бұл халықтың сенім деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттік қызметші болу-жоғары мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіпқойлықпен қатар адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс.  Лицеистер еліміздің кез келген азаматы жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы тиіс: әділдік, адалдық, парасаттылық, ал мемлекет мүдделерінің бұзылуы немесе сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жағдайда осындай фактілердің тез арада жолын кесуі және қажетті шаралар қолдануы тиіс екенін атап өтті.

      Сынып сағаттары мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өтті.