Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» АТТЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУЫ
04-02-2020 16:01
ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» АТТЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУЫ

   2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің  ашылуы өтті.
Онкүндіктің мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасы негізінде оқыту-тәрбиелеу,  оқушылардың мамандық пен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру,  дамыту.

     Бүгін жоспарға сәйкес «Өзін-өзі тану - рухани-адамгершілік» бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кітапхана меңгерушісі Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаяны мен қызметіне қысқаша тоқталып өтті. «Бөбек» қоры туралы да мәліметтер айтылды. Оқушылар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Осы өтілген шарадан  оқушылар өздеріне көптеген қызықты, маңызды мәлімет алып кетті.