Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық көрмесі
10-02-2020 14:19
 Ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық көрмесі

 

Бүгін №20 лицей-мектебінде «Мейірімділік, бейбітшілік және достық» ұранымен мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының байқауы өткізілді. Мақсаты: жақсылықты түсіну,көру арқылы түпкі сананы тазарту, кез келген нәрседен жақсылықты көре білуге үйрету. Оқушы бойындағы шығармашылықты және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту.  Жақсылық жасай білуге,достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

  Көрме барысында 8-9 сынып оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін аша білді, баланың анасына деген махаббаты, мейірімділік, бейбітшілік, достық, күлімсіреген жүрек, бақытқа толы суреттер соның дәлелі іспеттес. Жұмыстар әртүрлі техникада ұсынылған: гуашь, акварель, тушь, коллаж. 

      Ұсынылған жұмыстар оқушылар мен мұғалімдер үшін тамаша ақпарат болды және бұл жұмыстар мектеп интерьерін түрлі бояуларға бояды.

Алибекова Алина, Жамалова Зарина, Сейтқазы Әлия, Шкленик Арина  өздерінің ерекше жұмыстарымен ерекше көзге түсті.