Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
АБАЙДЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮРЛІ ТІЛДЕРІНДЕ ОҚИМЫЗ
14-02-2020 16:22
АБАЙДЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮРЛІ ТІЛДЕРІНДЕ ОҚИМЫЗ

     «Мектеп – ЖОО» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесе отырып, «Абайды үш тілде оқимыз»  атты ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  науқан өткізді. Мақсаты —оқушыларды қазақтың ұлы ағартушы Абай шығармашылығына тарту арқылы білім беру ортасына және көптілді оқытуға инновациялық технологияларды енгізу. Акцияға 100-ден астам педагог, мектеп оқушылары, университет оқытушылары мен студенттері, білім бөлімінің өкілдері қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, мұсылман әйелдер Лигасы, Ж. Аймауытов атындағы қазақ-драма театрының әртістері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Науқан оқушылардың, мектеп педагогтерінің, профессорлық-оқытушылық құрамының, университет студенттерінің қатысуымен флешмобпен басталды. Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы»  атты танымал ән шырқалды.

      Лицей оқушыларының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Абайдың 175-жылдығына арналған челлендж»  бейне-ролигі таныстырылды.

       Зерттеу бөлімінде 8-11 сынып оқушыларының ғылыми жұмыстары қорғалды. Балалар Абай өмірі мен шығармашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді ғалымдар назарына  ұсынды. «Абай-дана, Абай-дара қазақта»он-лайн олимпиадасына 8-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмалары үш тілде ұсынылды: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, қатысушылар 60 минут ішінде қосылған таймер тәртібінде шешуге тура келді. 

     Әдеби бөлімінде "Абайды үш тілде оқимыз" атты байқау өткізілді. Олар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Қыс», «Сенбе жұртқа», «Жалау», «Жазғы тұры» қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, араб, португал, украин, татар тілдерінде өлеңдерін жатқа  оқыды.

    Қазылар алқасы «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының ғалымдары Г. Е. Имамбаева, Г. А. Хамитова, М. Б. Айтмағамбетова жұмыс атқарды.

   «Ашық микрофон» қорытынды бөлімінде пікір алмасып, қатысушылар мектептің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.