Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал-2020" байқауының қорытындысы»
18-03-2020 14:55

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлерімен 16 оқу пәні бойынша (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, шет тілі, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, бастауыш мектеп, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, психология, логопедия, қосымша және мектепке дейінгі білім беру) "Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал 2020" атты қалалық білім беру мекемелері педагогтарының конкурстық жұмыстары зерделенді. Мақсаты-педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, білім беруге ынталандыру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау.

   Конкурс қорытындысы бойынша қалалық конкурстың жүлдегерлері анықталды, олардың ішінде №20 лицей-мектебінің педагогтары: М. О. Жумабекова - 1 орын (информатика), шығармашылық топтарда: 1 орын - Г. К. Жакиянова (география), М. С. Шоманова (қазақ тілі), Т. С. Муликбаева (физика), Д. С. Баильдинова (өзін - өзі тану), 2 орын-Б. М. Шажанканова (қазақ тілі), 3 орын- Г.К.Норпеисова (химия).  

 Дарынды педагогтарды құттықтаймыз, алдағы уақытта жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!