Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қашықтан оқу кезіндегі психологиялық жұмыс
23-04-2020 20:33
Қашықтан оқу кезіндегі психологиялық жұмыс

       Қашықтан оқыту кезінде ата-аналар және оқушыларды психологиялық қолдау өте  қажет.

    №20лицей-мектебінің педагог-психологі  Баильдинова Динара Сәрсенбаевна  өз жұмысын күн сайын онлайн режимінде түрлі платформалардан жүргізеді:  Кundelik, WhatsApp,  Zoom.

    Динара Сарсенбаевна ата-аналар мен оқушылар үшін презентация мен ұсыныстарды орналастырады,сол сияқты түрлі тестердің сілтемелерін көрсетеді.Қобалжуы жоғары  және өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен, оларды моральды-психологиялық қолдау үшін,туындаған мәселелерді шешуге көмектесу үшін күн сайын  жеке- дара сұхбат жүргізеді.

    Мектеп бітіруші түлектермен «Емтиханға қалай дұрыс дайындалу керек»  тақырыбына онлайн- консультация өткізілді. Сабақтың мақсаты-емтиханға дайындық кезіндегі  психологиялық тәсілдермен таныстыру.

Жоғары сынып оқушыларына күн тәртібі бойынша ұсыныстар берілді:

-  күн тәртібін қалай дұрыс құру;

- ҰБТ мен сабаққа дайындыққа  қанша уақыт бөлу;

-карантин жағдайында демалысты қалай дұрыс ұйымдастыру;

 -ұйқыға қанша уақыт бөлу;

- қалай дұрыс тамақтану.

     11 сынып оқушыларына жүйке-психологиялық қиындықты жеңілдету үшін  жаттығулар көрсетілді.

      8 сынып оқушылары үшін есте сақтау,ойлау қабілетін дамытуға бағытталған  онлайн- жаттығулар жүргізілді.

     Психологтің ұсыныстары мен кеңестері ата-аналар мен балаларға отбасында жағымды микроклиматты сақтауға көмектеседі,жақсы оқу мен жұмысқа құлшындырады.