Карантин кезеңіндегі № 20 лицей-мектебінің әлеуметтік-тәрбие қызметінің негізгі міндеті-балалардың құқықтарын әлеуметтік қорғау, қашықтықтан оқыту кезінде бала үшін қолайлы жағдай жасау, отбасы мен мектеп арасында байланыс пен серіктестік қарым-қатынас орнату.
Оқушылардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін анықтау мақсатында мектепте «Сенім телефоны», «Сенім поштасы» ұйымдастырылды.
№20 лицей-мектебінің әлеуметтік педагогы Л. И. Фрик әр түрлі онлайн-платформалар: Кundelik, WhatsApp, Zoom арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуде нақты көмек көрсету мәселелері бойынша оқушыларға жеке кеңес береді.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылармен, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Онлайн-әңгіме арқылы материалдық қолдауды қажет ететін отбасылар анықталды. Осындай отбасыларға азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетілді.
Мектеп-лицейдің әлеуметтік-тәрбие қызметінің, сынып жетекшілерінің үйлесімді жұмысының арқасында оқушылармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылды, бұл отбасында қолайлы жағдай жасауға, карантин жағдайында оқуға жағымды көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етеді.