Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Алтын Руно» олимпиадасының қорытындысы шығарылды
04-05-2020 17:53
  «Алтын Руно» олимпиадасының қорытындысы шығарылды

2020 жылдың 13-19 сәуір аралығында «Дарын»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Алтын Руно»  әлемдік мәдени тарихтан халықаралық ойын конкурсын  өткізді.

Олимпиаданың мақсаты –  оқушылардың әлемдік көркем  мәдениет тарихына шығармашылық белсенділіктері мен танымдық қызуғышылықтарын арттыру, сабақтан тыс әрекеттерін белсендіру, байқауға қатысушылардың өз білімін балама бағалауға мүмкіндік беру.

Олимпиадаға «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» ММ 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау тапсырмалары 60 сұрақтан тұрды, әр тапсырмаға берілген төрт нұсқаның ішінен дұрысын таңдау керек болды. Қиын да, алдамшы сұрақтармен жұмыс барысында түрлі ақпарат көздерін пайдалануға, соның ішінде, сөздікпен, энциклопедиямен, ғылыми және көркем әдебиетпен,достары мен туыстарынан көмек сұрауға рұқсат берілді. Олимпиаданың мұндай форматта өтуі мен лицейшілердің мақсат қоя білуі мен бәсекелестік рухы жақсы нәтиже көрсетуге көмектесті:   52 қатысушының 37 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!