Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ер есімі, ел есінде» «МЕНІҢ ЕСІМДЕ! МЕН МАҚТАНАМЫН»
06-05-2020 08:50
«Ер есімі, ел есінде» «МЕНІҢ ЕСІМДЕ! МЕН МАҚТАНАМЫН»

            2020 жылдың 15-29 сәуір аралыңында  Ұлы Отан соғысының 75-жылдығын тойлау қарсаңында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы "Менің есімде!, мен мақтанамын" атты қашықтық-бейнебайқау  сайысын өткізді.

     Байқаудың мақсаты-оқушылардың бойында патриоттық сезімді, соғыс ардагерлеріне құрмет пен алғыс сезімін қалыптастыру, сондай-ақ талантты оқушыларды қолдау.

     Сайысқа "Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі" ММ оқушылары қатысып, дипломдармен марапатталды.

     І дәрежелі дипломмен 10 А сынып оқушысы Ворушин Ярослав марапатталды, ол өзбейнероликгінде атасы И. Д. Ворушин, ИЛ-2 штурмовигінің әуе атқышы, Даңқ орденінің толық кавалері, Ұлы Отан соғысының батыры туралы айтты.

    10Б сынып оқушысы Байжанқызы Дамира соғыс жылдарында фашистермен ерлікпен шайқасқан бабалары Е. Сейдахмет, С. Сейдахмет, Б. Әбдіжаппар туралы бейнеролик үшін III дәрежелі дипломға иеленді.

      8 Б сынып оқушысы Фучижи Никита «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" номинациясы бойынша марапатталды. Қазылар алқасына ол жаумен шайқаста батылдығы мен ерлігі үшін жауынгерлік ордендермен марапатталған, Павлодар қаласының тумасы П. М. Қазанжидің қиын тағдыры туралы баяндайтын атасы туралы бейнеролик ұсынды.

       Жеңімпаздарды құттықтаймыз!