Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мәселелер,ізденістер,шешімдер" оқушылардың ХVІ ғылыми-практикалық конференциясы
19-05-2020 12:35

      2020 жылдың 18 мамырында дәстүрлі оқушылардың  "Мәселелер, ізденістер, шешімдер" ХVІ ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция қашықтық режимде ZООМ платформасы арқылыөтті.

    Оқушылар ұсынған  зерттеулерінде тіл білімі мен журналистика, тарих пен география, қоршаған ортаны қорғау, психология, қолданбалы математика мен ақпараттық технологияға байланысты  өзекті мәселелерді қарастырды.

      Конференцияда  бес секция жұмысы ИнЕУ ғалымдары "Журналистика мен филология" кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Е.Иманбаева, "Шетел тілдері мен аударма ісі" кафедрасының  профессоры, филология  ғылымдарының докторы Г.А.Хамитова, "Мемлекет тарихы мен құқығы теориясы"  кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты,профессор М.А.Сүлейменов, "Юриспруденция" кафедрасының магистры,оқытушы А.Е.Мұхаметқайыров,"Ауыл шаруашылығы мен биоресурстар" кафедрасының аға оқытушысы М.М.Поух, "Энергетика мен металлургия" кафедрасының аға оқытушысы М.С.Боқаева , "Спорт  және дене тәрбиесі"кафедрасының оқытушысы М.К.Сырлыбаевтың төрағалық етуімен жүргізілді.  Ғалымдар лицейшілердің зерттеу мәдениеті мен тақырыптарының өзектілігін атап өтті.

       Конференция қорытындысы бойынша 1,2,3 орын алған жеңімпаздар анықталды.

   Лицей оқушыларының  ғылыми қоғамы болашақта өз жұмысын кеңейтеді  және оқушылардың ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға қала мектептерінің оқушыларын шақыруды жоспарлайды.