Шахмат және тоғызқұмалақ бойынша онлайн-жарыстар
Бүгін 8-9 сынып оқушылары арасында-шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті. Шахматтан жарыс қорытындысы бойынша І орынды 8А сынып оқушысы Альнур Қайролла, ІІ орынды 8Б сынып оқушысы Байгабуров Алдияр, ІІІ орынды 8А сынып оқушысы Талап Батырхан иеленді. 9 сынып оқушылары тоғызқұмалақ жарысына қатысты. І орынды 9А сынып оқушысы Аленова Карина, ІІ орынды 9б сынып оқушысы Пшенбаева Долорес, ІІІ орынды 9А сынып оқушысы Амирхан Маратов иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!