Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ғылым мерекесі
08-05-2012 10:41
Ғылым мерекесі

Бүгін дәстүр бойынша біздің лицейімізде "Мәселе, ізденіс, шешім" атты УІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оны ұйымдастырған "Ритм" оқушылардың ғылыми бірлестігі. "Ритм" ОҒБ мектепте 8 жыл бойы жұмыс істеуде, оның негізгі әрекеті оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі күні қоғамдастыққа 30-дан аса оқушы қатысады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы салтанатты жиналыстан басталды, онда кіріспе сөзін мектеп директоры Г.Т.Топанова мен тарих ғылымдарының кандидаты, "Тарих" кафедрасының доценты Б.О.Медетов бастады.  Конференцияның жұмысы келесі секцияларда өтті: тілбілімі мен әдебиеттің өзекті мәселелері, психологияның өзекті мәселелері мен білім берудегі инновация, жаратылыстану-математикалық ғылымдар, мемлекет тарихы мен құқығы, қоршаған ортаны қорғау. Секциялардың төрайымы ИнЕУ ұстаздары болды: фил.ғ.д., "Тілбілімі" кафедрасының доценті З.К.Құрманова, "Ағылшын тілі" кафедрасының аға оқытушысы Л.В.Фанакова, "Педагогика" каф.доц. В.Х.Адилова,  "Биология" каф. доц. Т.М.Пономарева, "Математика" каф.маг. П.А.Салий, "Тарих" кафедрасының доценты Б.О.Медетов.

Сарапшылардың сотына лицейдің оқушылары мен мұғалімдері, ИнЕу ұстаздары жетьекшілігімен жазылған  31 баяндама берілді. 

Оқушылардың ең жақсы жұмыстарын сараптама комиссияның мүшелері әрі қарай ғылыми жобалар сайыстарына қатысуға ұсынды.