Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді
ҰБТ-ға дайындық үшін теңдесі жоқ жағдайлар жасалды!
- ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;
- қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;
- мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;
- ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады;
- тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.
Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.
@edu_news_qz