Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы республикалық педагогикалық тамыз кеңесі.
21-08-2020 09:47
Жалпы республикалық педагогикалық тамыз кеңесі.

   2020 ж. 19.08 «Павлодар қаласының 20 мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінде қашықтықтан педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру.   Педагогикалық кеңестің мақсаты - мұғалімдерге жаңа 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты карантиндік шаралар аясында оқыту ерекшеліктері туралы ақпарат беру.
    Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жаңа оқу жылындағы оқыту формалары.
2. Қалыпты жұмыс кезінде санитарлық талаптардың сақталуы.
3. Қашықтықтан оқыту: мінез-құлық ережелері және мұғалімнің жұмыс орны.
4. Лицейде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылатын білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5. Жаңа оқу жылындағы оқушыларды бағалау ерекшеліктері.
6. Баланы өз бетінше жұмыс істеуге қалай ынталандыру керек.
  Педагогикалық кеңестің отырысын мектеп-лицейдің директоры Г.Т. Топанова ашып, жиналғандарға жаңа 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту тұрғысынан оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Директордың орынбасарлары Б.М. Шажанканова, Ж.М Джакупов, М.Р. Смакова слайдтар түрінде қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған әрекеттер мен алгоритмдер туралы толық ақпарат берді. Педагогикалық кеңестің соңында пікір алмасу өтті, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.