Білім диагностикасы және өткен материалды қайталау бойынша қашықтықтан сабақтар
Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында бүгін 20 лицей-мектебінде білім диагностикасы және өткен материалды қайталау бойынша қашықтықтан сабақтар басталды.
Сабақ мақсаты: білім алушылардың білімін диагностикалау және оқу пәндері бойынша өткен материалды қайталау.
Сабақтар интернет-платформаларды пайдалана отырып, тікелей байланыс (стриминг) арқылы синхронды форматта өтті. Сабақ кестесіне негізгі пәндер кірді.
Сабақ барысында педагогтар электронды оқулықтар, бейне-материалдар және басқа да АКТ құралдарын қолданды. Сабақтар ұсынылған оқу тапсырмалары арқылы білім алушылардың білімін алғашқы диагностикалауға, білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтауға, сондай-ақ қашықтықтан сабақтың ережелері: платформаға қосылу, жұмыс орнын, компьютерді (микрофон, бейне, экранды көрсету және т.б.) дайындау, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау туралы еске салуға мүмкіндік берді.
Сабақтар күн сайын 2020.28.08. дейін сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өткізіледі.