20 мектеп-лицейіндегі психикалық денсаулық күні.
Психикалық денсаулық физикалық денсаулық сияқты маңызды: психикалық денсаулықсыз денсаулық болмайды!
Психолог Д.С. Баильдинова 9-11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен "Менің психикалық денсаулығым", "Біздің психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік" тақырыптарында онлайн-әңгімелер өткізді. Мақсаты: білім алушылар мен ата-аналарды психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы хабардар ету. Әңгіме барысында оқушылар психикалық денсаулықты нығайту тәсілдері туралы біліп, " Өзімді жақсы сезіну үшін не істей аламын?", "Егер сізді жағымсыз эмоциялар жеңсе не істеу керек?", "Досыңыздың көмекке мұқтаж екенін қалай білуге болады?", "Кеңес алу үшін кімге жүгінуге болады". Балалар онлайн-сұхбатқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
Оқушылардың ата-аналарына "Мен баламның психикалық денсаулығына қалай қамқорлық жасай аламын"деген кеңес берілді.