Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Тәуелсіздік ұланы"
30-12-2021 09:42

Біздің Республикамыздың тәуелсіздік күнін мерекелеудің мерейтойлық жылында Павлодар облысының әкімдігі дарынды және талантты балаларды қолдау мақсатында "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығын тағайындады.
Павлодар қаласының "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығының лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С .А. Гладышеваның қатысуымен Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.
Дарынды жастарды іріктеу төрт номинация бойынша жүргізілді: "Ғылыми – техникалық шығармашылық және оқу – зерттеу қызметі", "Шығармашылық шеберлік", "Спорттық шеберлік", "Әлеуметтік - маңызды және қоғамдық қызмет".
Павлодар облысында аталған сыйлыққа барлығы 300 оқушы ұсынылды. Оның ішінде 79 лауреат Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары болып табылады. Біздің мектептің оқушылары: 8 «Б» сынып оқушысы Аманов Ерасыл, 7 «А» сынып оқушысы Жолдасбай Аңсар «Шығармашылық шеберлік" аталымы бойынша, 10 «В» сынып оқушысы Мейер Владимир «Спорттық шеберлік" аталымы бойынша, 5 «В» сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон "Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі" аталымы бойынша "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығының иегерлері атанып, төсбелгімен марапатталды. Құттықтаймыз!