"Оқу стратегиясы"
Ағылшын тілі мұғалімдері А.Ш. Ахметова, Н.В. Буцыгина, Н.Т. Жұмабаева және А. О. Мағжанова Павлодар қаласының мұғалімдері үшін "Оқу стратегиясы" атты семинар өткізді. Оқу сауаттылығы, функционалдық сауаттылық, оқытудың мақсаттары, сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс түрлері, бастауыш мектепте сыни ойлау дағдыларын дамыту мәселелері қаралды. Мұғалімдер "Оқу мектебі"жобасы аясында әріптестерімен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.