24 қаңтардан 18 ақпанға дейін Павлодар педагогикалық университетінің ІІ және ІІІ курс студенттері психологиялық-педагогикалық және педагогикалық тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында болашақ ағылшын тілі мұғалімдері дәстүрлі және қашықтықтан оқыту форматында бірқатар сабақтар өткізді. Мұғалім-тәлімгер және студент-практикант форматындағы жұмыс оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Сабақтарда әртүрлі сандық ресурстар, сараланған тәсіл, топпен және жұппен жұмыс істеу қолданылды. Сонымен қатар ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар, соның ішінде ағылшын тілі онкүндігінің іс-шаралары өткізілді. ИА - 22 тобының студенттеріне сабақ және сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ сынып сағаттарын сапалы өткізгені үшін Байгереева Дарияға, Дөнен Шынарға,Джаменке Лаураға,Колыбаева Айсұлуға алғысымызды білдіреміз. ППУ-мен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жүргіземіз деп үміттенеміз!
Выражаем благодарность студентам