"Nearpod сервисімен интерактивті сабақтар өткізу"
26.04.2022 жылы Павлодар қаласының №21 ЖОМ КММ базасында облыс мұғалімдеріне арналған Nearpod білім беру платформасын пайдалану бойынша тәжірибе алмасу бойынша семинар – практикум өтті. Информатика мұғалімдері Немгетерова а. Н.және Мокроусова А. Г. "Nearpod сервисімен интерактивті сабақтар өткізу" тақырыбында семинар өткізді. Осы семинарда белсенді сабақтардың технологияларын және осы платформаның құралдарын сабақта қолдануды қарастырды.