Құттықтаймыз!!!
Қала әкімі А.Байхановтың жеңімпаздармен жыл сайынғы кездесуіне 10-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиаданың облыстық турының жеңімпазы, пәндік олимпиаданың республикалық турының қатысушысы Ахмолдина Ксения қатысып, жеңімпаз атанды. Ксения Алғыс хатпен және 100 мың теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды. Құттықтаймыз және алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!