Бүгін "Копатыч" отряды "Ertis" мұражайына барды
Бүгін "Копатыч" отряды "Ertis" мұражайына барды. Онда жер мен органикалық әлемнің дамуы тұрғысынан біздің аймақтың табиғи тарихымен байланысты экспонаттар, соның ішінде геология, антропология, археология экспонаттары қойылған. "Ұлы даланың ұлы адамдары" залы атақты жерлестеріміздің өмір тарихымен таныстырады. Экспонаттардың бір бөлігі стендтерде, үлкен бөлігі – интерактивті форматта орналастырылған.