TIMSS
Білім бөлімінің әдістемелік жоспарына сәйкес № 21 ЖОББ мектебінде Халықаралық TIMSS бағдарламасы негізінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша қалалық шығармашылық топ отырысы өтті. Бұл жиында мұғалімдер биология, физика, геометрия, география, сандар және мәліметтерді ұсыну бөлімдері бойынша құрастырылған тапсырмалардың алғашқы сараптамасын жүргізді.