Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз мерекесі алдында мектептің “Аналар кеңесі” отырысы өтті. Адамның адами қасиеті мен болмысы отбасында қалыптасады. Отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие екені сөзсіз. Сол ұлттық құндылықтың дәнін егушілер әжелер мен аналар. Елге, жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие жанұядан бастау алады. Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, өнегелі тәлім-тәрбие беру жолында сынып жетекшілерге қолдау көрсетіп, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты әжелер, аналар арқылы нығайту басты мақсат.Ұрпаққа рухани тәрбие беру негізгі міндет. Наурыз мерекесі құтты болсын!