2025 жылдың 3 сәуірі күні Павлодар политехникалық жоғары колледжінде мектеп оқушылары арасында "Junior Skills" кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқау "Электромонтаж және автоматика" мамандығы бойынша ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан оқушылар электр схемаларын құру және қосу дағдыларын көрсетті. Байқауға №21 және №43 мектептердің оқушылары белсене қатысты. Нәтижесінде біздің мектебіміздің оқушысы Шутка Ратмир 1-орынды иеленді, оны дайындаған оқытушы Сейсепова А.Б. Бұл байқау жас маман үшін техникалық сауаттылықты, зейін қойып жұмыс істеуді, электр жабдықтарымен жұмыс істеу қабілетін көрсетуге тамаша алаң болды. Павлодар политехникалық жоғары колледжіне қызықты байқауға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.