№21 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.М.Асылбекова Үшінші (негізгі) деңгей курстастарымен бірігіп №30 ЖОМ базасында «ІІІ негізгі деңгей курсы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау модульін қолдану тиімділігі»
тақырыбында қала мектептері мұғалімдері үшін семинарды өткізді.
Семинардың мақсаты:Үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы туралы жалпы түсінік беру. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Семинардың міндеттері:
- 7 модуль туралы теориялық ұғымдарды кеңейту.
- Сабақ барысында жеті модульдің көріністеріне тоқталу.
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 7 модульдің бірі – сын тұрғысынан ойлау модульін қолдану тиімділігімен ой бөлісу.
- Кездесетін кедергілер мен қиындылықтарды, олардың шешу жолдарын табу.
Мұғалім сабақ жоспарларын ұсынып, 7 модульдің тиімділігін әр сабақтарында дәлелдеме мысалдар көрсете отырып, гиперсілтеме арқылы бейнефильмге түсірілген сабақ көріністерін ашық және айқын түрде көрсете білді.