«VІІІ Махамбет Өтемісұлы оқулары» байқауында ІІ орын
2017 жылғы 11 сәуірде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен № 37 ЖОМ-те қала мектептері арасында «VІІІ Махамбет Өтемісұлы оқулары» байқауы өткізілді. Мақсаты –Махамбет Өтемісұлы ақын, қазақ батырының шығармашылығын насихаттау, ақынның шығармаларын білу, сахналық мәдениетті,орындаушылық шеберлікті жақсарту. Байқау қорытындысы бойынша «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәңерлеп оқу номинациясында 2 орынға № 21 ЖОМ оқушысы Молдатай Жастілек ие болды. Құттықтаймыз!