Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖЕҢІС КҮНІМЕН!
06-05-2017 06:48
ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

№21 ЖОМ Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған, «Соғыс балалары» атты іс-шара өткізілді. Соғыс кезіндегі балалар қорқыныштан және аштықтан көз жұмғандары туралы. Қырық төртінші жылдың бірінші қыркүйегі кезінде мектепке баруды қажет етпеген кездерде қайғырғаны туралы. Он-он екі жасқа толғанда жәшікке тұрып станоктарға қол созып, тәулігіне он екі сағат жұмыс істегені туралы. Көз жұмған әкелерінен қара қағаз алғандары туралы. Оларды бөтен адамдар асырап алғандары туралы. Тіпті қазіргі уақытта аналары туралы сұрағы жүректі ауыртатыны туралы. Соғыстан кейін бірінші нанды көрген кезде оны жеуге болатынын білмегені, себебі ақ нан не екенін ұмытқаны туралы айта алады. Бірақ жеңісте олардың есіңде!    

 

 

Әкесiне медеу болған балалық,
Анасына демеу болған балалық,
Iзгiлiкке желеу болған балалық,
Ер мінезге егеу болған балалық,
Жөргегiнен жақсылыққа ұмтылып,
Еңбегiмен елеу болған балалық.

Соқа жегiп, дән бастырған балалық,
Қарт қуатын жалғастырған балалық,
Адалдықты жолдас қылған балалық,
Туған жерге оралмаған
Аяулы,
Әке жолын жалғастырған балалық.

О, балалық,
Қарапайым балалық,
Сенi кейде түсінбеске санадық,
Саған кейде қуыршақтай қарадық,
Көп қасiрет жатыр содан таралып,
Табиғаттың кiндiгiнен жаралып,
Жер-Ананың қуатынан нәр алып,
Бәрiн көрген:
Соғыс көрген сұрапыл,
Басымды ием,
Батыр ұрпақ – Балалық!

О, балалық,
Адалдыққа болыстың,
Құлатпадың туын туған қоныстың,
Сен ұқтырдың не екенiн борыштың,
Жандарыңда жарасы бар сол істің,
Тағзым етем алдарыңда сендердiң,
БАЛАЛАРЫ СОҒЫСТЫҢ!