БІЗДІҢ АРДАГЕРЛЕР
9 мамыр күні біз ұлы мереке – Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл мереке ұрпақтан ұрпаққа ұқыпты және сыйластықпен беріледі. Осы күні біз басқыншылардан туған жерін батылдықпен қорғағандарға құрмет пен алғысымызды білдіреміз. Ұлы Жеңіс күнінің 72-жылдығына орай №21 ЖОМ сынып жетекшілерімен бірге оқушылар ҰОС ардагерлеріне барды. Балалар ардагерлерге өлеңдер дайындады және ата-аналарының атынан сыйлықтар ұсынды.