2017 жылдың 26 қазанында № 21 мектепте қамқоршылар күні өтті.Іс-шара барысында 1-4 сынып оқушылары мен балаларға арналған суреттер мен қолөнер конкурсы өткізілді. Бұл байқауда қамқоршылар да белсенді қатысты. Сынып жетекшілерімен, ОТЖДО, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор, әлеуметтік педагогпен бірге суреттер мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар грамоталармен, ал қамқоршылар алғыс хаттармен марапатталды. Орта және жоғары сынып балаларына және олардың қамқоршыларына сынып жетекшілерінің, ОТЖДО, балалар құқығын қорғау жөніндегі инспектор және әлеуметтік педагогтың қатысуымен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қамқоршылар алғыс хаттармен марапатталды. Жауап ретінде қамқоршылар шынайы алғыс білдірді.
Қамқоршы күні