Педагогикалық тәжірибе - 2018
2018 жылдың 29 қаңтар күні Павлодар қаласының №21 ЖОМ 5 мұғалімі Инновациялық Еуразиялық университетінде өздерінің инновациялық тәжірибелерін талдап қорытындылады.
Байқау қорытындылары бойынша мұғалімдердің инновациялық жұмыс тәжірибесі "Педагогикалық тәжірибе - 2018" қалалық банкіне кіргізіледі. Облыстық деңгейдегі қорғауға 2018 оқу жылына 4 мұғалім ұсынылды: «Филология секциясына: қазақ тілі» - Ж.С. Сагитова, «Филология секциясына: орыс және шетел тілдері» - О.И. Рауш, «Қазақ тілінде оқитын бастауыш сыныптар» секциясына - А. Санат, «Математика, физика, информатика» секциясына - С.Б. Жанакова.