НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
№ 21 ЖОМ ауласында Наурыз мерекесіне орай халықтық сайран өткізілді. Наурыз мейрамы - бұл ақ тілектердің орындалуына үміттену және болашаққа сеніммен қарау, көктемгі табиғаттың ояну мерекесі. Ұлыстың ұлы күні біздің шағын ауданымыздың көп ұлтты халқын бір шаңырақтың астына біріктірді. Барлық қонақтарға арналған үлкен меркелік дастархан жайылды, қонақтарға бауырсақ, наурыз көже, ыстық және дәмді палау, ыстық шәй берілді.