Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудағы инновациялық технологиялардың бастамасы.
19-05-2018 10:13
Бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудағы инновациялық технологиялардың бастамасы.

2018 жылдың 17 мамыр күні Павлодар қаласының № 21 ЖОМ қалалық кезекті сараптау кеңесінің отырысы өткізілді.
 

Мектеп "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инновациялық жобаларды (стартаптарды) жүзеге асыру арқылы өмір үшін маңызды құзыреттерді қалыптастыру" тақырыбы бойынша тәжірибесін көрсетті. Іс-шара маңызды мәселелер бойынша панельді сессиялар формасында "Заманауи мектеп қандай болуы тиіс", "Заманауи мектеп - бұл табысты мектеп" өткізілді. «Заманауи мектеп - бұл табысты мектеп» панельді сессиясын өткізу барысында, өмір үшін маңыздықұзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін сабақтар мен арнайы курстар көрсетілді.

Бастауыш және орта буын оқушылары зерттеу жұмысын ұйымдастыруда, яғни стартапты орындау бойынша бірінші сатылардың бірі ретінде мектеп мүмкіндіктерін көрсетті. Сараптау кеңесінің мүшелеріне үйде жағдайында жасалған өсімдіктерді тамшылатып суару құрылғысын, кондиционерін жасау бойынша, қалдықтардан биогаз, биошірінді алу, автомобильдің дроссельді жапқышының тегершігін жасау бойынша стартаптар көрсетілді.