Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мамыр мейрамы - Жеңіс Күні
10-05-2019 11:12
Мамыр мейрамы - Жеңіс Күні

Майдангерлер Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің, Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. Жасқанбаған жауынан жарақты ер, Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, Жүздеріңе сендердің қарап білер. Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар, Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар. Арамызда жүретін алшаң басып, Майдангерлер азайып барасыңдар.