Ата-аналарына арналған "Ашық есік" күні өткізілді
15 мамыр күні мектебімізде болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Ашық есік" күні өткізілді. Шараның мақсаты балаларды мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарда білім алуға тарту. Шара барысында 1-сыныпқа қабылдайтын мұғалімдер өздерінің және оқушылардың жетістіктері, шығармашылық жұмыстары туралы көрме ұйымдастырып, ата-аналармен бөлісті. Алдағы оқушылармен өткізілетін дайындық сабақтарымен таныстырды. Ашық есік күніне қатысқан ата- аналар көптеген мәліметтермен танысып, балаларын мемлекеттік тілде білім алатын сыныптарға жіберетінін жеткізді.