"Үздік педагог-2020"
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының педагогтары арасында "Үздік педагог-2020" конкурсының қорытынды кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, интеллектуалды даму деңгейі жоғары дарынды педагогтарды анықтау.
Байқауға 41 қатысушы қатысты. Бас жүлдені №21 ЖОМ география пәні мұғалімі Есмакаева Гүлмира Болатқызы иеленді. Құттықтаймыз, шығармашылық табыс және жоғары жетістіктер тілейміз.