"Заманауи білім - жаңа мүмкіндіктер уақыты"
19.08.2020 жылы № 21 ЖОМ-де "Заманауи білім - жаңа мүмкіндіктер уақыты"тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өткізілді. Оқытудың өзекті мәселелері талқыланды және оқыту форматы, 2020-21 оқу жылындағы бағалау ерекшеліктері, қашықтықтан оқыту кезінде білім беру платформаларын пайдалану қарастырылды. Педкеңеске 98 педагог қатысты.