Құрметті ата-аналар!
Сіздерді 2020 - 2021 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Біз сіздерге қашықтықтан оқуда балаларыңызға табысты болуға, әдеттегі тәртіпті сақтауға және күйзеліссіз мектептегі жұмыс күндеріне қайта оралуға көмектесетін бірқатар кеңестерді ұсынамыз.
Сіздерге бақытты ата-ана болуды және балаларыңызбен мейірімділікті сақтауды тілейміз.
Бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы
Өту уақыты:20 тамыз 2020 жыл
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктерімен ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
"21 ЖОМ"ММ-де онлайн-режимде" Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы " бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті."Жиналыстың мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқу ерекшеліктерімен ата-аналарды ақпараттандыру. Жиналыс барысында мектеп директоры И.Ю. Цукрова ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Жиналысқа 97 адам қатысты.