Облыстық оқу-практикалық орталығы волейбол добымен жонглерлық ету бойынша облыстық онлайн -чеспионаты өтті
Салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында облыстың білім басқармасы Дене шынықтыру жөніндегі облыстық оқу-практикалық орталығы волейбол добымен жонглерлық ету бойынша облыстық онлайн- чемпионатын өткізді. Байқауға облыс қалалары мен аудандарынан 350 оқушы қатысты: 150 ұл мен 200 қыз.
14-15 жас аралығындағы қыздар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Павлодар қаласы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 «А» сынып оқушысы - Балгожина Адель иеленді, ал 2 орын - 6 "Г" сынып оқушысы Адия Кенжекеева жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары және медалдермен марапатталды.