Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушылар сарайы, «Қаламгер» баспасөз орталығында Бауыржан Момышұлының 110-жылдығы аталып өтілді
06-12-2020 11:54
Оқушылар сарайы, «Қаламгер» баспасөз орталығында Бауыржан Момышұлының 110-жылдығы аталып өтілді

  Павлодар қ. Оқушылар сарайы, «Қаламгер» баспасөз орталығында Бауыржан Момышұлының 110-жылдығы аталып өтілді
2020 жылдың 27 қараша күні Оқушылар сарайында «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты онлайн іс-шара өтті. 2020 жылы Елімізде атақты Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110-жылға толу мерейтойы аталып өтілуде.
  Аталмыш шараны «Каламгер» орталығының жас журналистері және олардың жетекшілері Асем Аипова ұйымдастырды. ZOOM платформасында өткен онлайн кездесуге Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы 7 «г» сынып оқушылары және олардың сынып жетекшілері Гулмайрам Ракишева қатысты.
   Деректі фильмнен балалар батырдың өмірі мен балалық шағынан қызықты фактілерді білді. Балалар өздерінің баяндамаларында әскери басшының, жазушының, Қазақстанның Халық қаһарманының шығармашылығын, нақыл сөздерін, афоризмдерін талқылады.
  Гулмайрам Ракишева ержүрек қолбасшының ерліктері туралы және 2015 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласының №22 мектебіне Бауыржан Момышұлының есімі берілгені туралы айтты. Әсем Аипова "Тұлға тұнған білім, есімім елге мәлім – Бауыржан Момышұлы" атты викторинасын өткізді. Балалар кейіпкердің балалық шағы, өмірі, соғыс жылдары, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.
   Бауыржан Момышұлы сынды батырлар жүз жылда бір рет туылады. Сонау 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында, Момыналы ауылында, Момыш ауылдық атымен аталған отбасында қуанышты оқиға болды. Төрт қыздан кейін көптен күткен ұлы Бауыржан дүниеге келді. Оның тәрбиесінде әже Қызтумас үлкен рөл атқарды. "Менің болашақ мұғалімдерімнің ішінен маған әжем, әкем және дана қарияларым секілді білім-тәрбие берген емес...", - деді атақты қолбасшы. Бауыржан Момышұлы тек әскери адам ғана болған жоқ, ол тамаша жазушы, «Офицер күнделігі», «Бір түннің тарихы» әңгімелер жинағының авторы ретінде де танымал.
- Бауыржан Момышұлының кітаптары әділдікке, парасаттылыққа, үйретіп, кез-келген жағдайда нағыз жауынгер, ер, батыр адам болып қала білуге баулиды. Бұл баға жоқ даналықтың қайнар көзі, батырдың шығармаларын түсіну, зерделеу біздің парызымыз, - деп атап өтті Әсем Аипова.