Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 110 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН “БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ -ПАВЛОДАР Қ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ АТАНДЫ.
05-01-2021 11:47
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 110 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН “БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ -ПАВЛОДАР Қ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ АТАНДЫ.

Байқау 2020 жылыдың 1 мен 10 желтоқсан аралығында Қостанай қаласында өтті. Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында байқауға Қазақстан Республикасының Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер, сондай-ақ Мәскеу қаласының “Бауыржан Момышұлы атындағы № 1912 мектеп” мемлекеттік бюджеттік жалпы білім беретін мекемесі және Қостанай қаласының мектептері шақырылды.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
«Жас қаламгер» – жеке шығарма өлеңдерінің конкурсы
«Көркем сөз оқушысы» – Бауыржан Момышұлының шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы.
«Суретші – иллюстратор» – Бауыржан Момышұлының шығармаларына арналған иллюстрациялар.
«Жас оператор» – Бауыржан Момышұлының шығармалары бойынша буктрейлерлер байқауы.
Байқауға Қазақстан Республикасының 32 мектебінен 113 оқушы қатысты.
«Бауыржан оқулары» байқауының нәтижелері:
«Жас қаламгер»
Барлығы 22 қатысушы өтініш білдірді.
2 орын:Амангелді Әсемгүл – Павлодар облысы, Павлодар қаласы «Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» ММ
«Көркем сөз оқушысы»
Барлығы 33 қатысушы өтініш білдірді.
2 орын:Хамитова Амина – Павлодар облысы, Павлодар қаласы “Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
«Суретші-иллюстратор»
Барлығы 33 қатысушы өтініш білдірді.
2 орын: Юлтанов Азим – Павлодар облысы, Павлодар қаласы “Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
Жеңімпаздарға 1,2,3 орын диплом берілді. Жүлдегерлердің мұғалімдеріне Қостанай қаласының қалалық білім бөлімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Сондай-ақ, Ережеге сәйкес Конкурс қорытындысы бойынша Үздік мектепке кубок тағайындау рейтингі шығарылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны бойынша Үздік мектеп -"Бауыржан оқулары"кубогы Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" ММ-не берілді. Құттықтаймыз!!!