Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, улица Академика Чокина 27
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16.00-18.00 Четверг: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Елбасы» медалі" жобасының жеңімпаздары
08-04-2021 18:28

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық «El Úmiti» бастамасын ұсынды. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры Қазақстан бірнеше бірегей жобаларды іске қосты. Олардың бірі - «Елбасы медалі» бағдарламасы.
«Елбасы» медалі - бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған жоба! Қатысушылар Алтын, Күміс немесе Қола деңгейлерін таңдап, жеті бағытта - спорт, дарындылықты дамыту, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілер, серуендеу және жұмыс тәжірибесі бойынша дағдыларды дамытады. Әр кезең өткен сайын қатысушылар күшейіп, талантты және өздеріне сенімді бола бастайды, ал финалисттер ең жоғары жеңістерге бастама болатын «Елбасы» медалін алады!
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Жеңімпаздар медальмен марапатталып, еліміздің кәсіби мамандар арасында өз орнын табуға мүмкіндік алады!
Бұл күндері Қазақстанның барлық аймақтарында Елбасы медальдарының тұсаукесеріне арналған салтанатты шаралар өтуде. Павлодар жеңімпаздар саны бойынша көшбасшылардың біріне айналды. Бүгін біз «Елбасы» медалі жобасының жеңімпаздары арасынан табылған мектебіміздің оқушыларын құттықтаймыз! Олар:
9 сынып оқушысы - Хамитова Амина,
9 сынып оқушысы - Оқташ Дәрия,
 9 сынып оқушысы - Науразбекова Гульсара,
11 - сынып оқушысы - Нұрғажинова Данеля.