Білім күні келіп жетті!!!
1 қыркүйек Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған "Сыңғырла, күміс қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Биылғы оқу жылында мектебімізде 9 бірінші сынып ашылып отыр. Жалпы 201 оқушы қабылданды. Мерекеге оқушылар көтеріңкі көңіл күймен келді. Мерекелік жиыннан кейін оқушылар бірінші сабақтарына кірді. Ұстаздар "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы және Конституция күні" атты тәрбие сағаттарын өткізді.